jasqazaq.kz

Қайрат Түнтеков: Жолым ашылып жатқан сияқты

09 қантар 2018, 13:36

Әнші Қайрат Түнтеков «Im а Singer Kazakhstan» шоуына не үшін қатысқанын айтты, деп хабарлайды Today.kz Qazradio.fm сайтына сілтеме жасап.

«Бұл жобаға қатысқан себебім, мен өнердегі орнымды көрсеткім келді. Халықтың сағынышын басқым келді. Ер жетттім. Үлкен өмірге қадам бастым. «Im а Singer Kazakhstan» мега шоуында жеңіске жеткеннен кейін, қазіргі таңда шетелден ұсыныстар түсіп жатыр. Сондықтан мүмкіндік болып жатса, басқа да халықаралық жобаларға қатысуым мүмкін. Немесе келісім шарт бойынша өнерімді жалғастыруым мүмкін. Жолым ашылып жатқан сияқты. Аллаға шүкір. Бұйыртса, 1-2 жылдың ішінде, өзімнің жеке өміріме қатысты фильм түсіру ойымда бар. Өмірімде ақ және қара жолда да жүріп өттім. Өмірімдегі осы ауыртпалықты кино арқылы халыққа жеткізсем», — деді Қайрат Түнтеков.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Түнтеков 2013 жылы Toyota Camry 40 автокөлігін тізгіндеп келе жатып Toyota Land Cruiser 100 көлігін соққан болатын. Көлік ішіндегі қыз миы шайқалып, көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайрат Түнтеков 40 күн абақтыға жабылып, жәбірленушінің шығынын төледі. Содан бері үлкен сахналардан көрінбей кеткен әнші араға төрт жыл салып өнерге қайта оралды.

 

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды