Әнші Қайрат Түнтеков I’m a singer Kazakhstan жобасының жеңімпазы атанды. Бұл туралы продюсер Алуа Қонарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«I’m a singer Kazakhstan мега шоуының жеңімпазы Қайрат Түнтеков болды. Екінші орынды — #DollarWong, ал үшінші орынды — #ЖанғалиАбишев алды», — деп жазады продюсер.
Еске салсақ, 31 арна әлемге танымал I’m a Singer талант-шоуының қазақстандық нұсқасын жасаған еді. Тағы бір айта кететін жайт, I’m a Singer жобасының қытайлық нұсқасында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген топ жарып, әлемге танылған болатын.
ҚазАқпарат