jasqazaq.kz

Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған

22 сәуiр 2022, 13:23

Қайрат Құдайберген Алматы оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысты деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Алматы прокуратурасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ол Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау орнына қамалды.

«Алдын ала тергеу бойынша Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман» деп аталатын) бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адам жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды. Содан кейін Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан», — делінген ресми хабарламада.

Прокуратураның хабарлауынша, Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі дене жарақаттарына әкелген жаппай төбелеске ұласқан.

«Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы «Қазақстан» қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталады», — деді Алматы прокуратурасы.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды