jasqazaq.kz

Қайрат Әділгерей: Кинодан 1 миллиард 81 миллион теңге табыс таптым

16 қараша 2023, 10:28

Танымал актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей кино түсіріп, мол табысқа кенелгенін айтты. Сыбайлас жемқорлық туралы фильмінің бірінші және екінші бөлімін көрермен жылы қабылдаған. Бұл туралы өнер иесі “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасында айтты.

“Үшінші бөлімін түсіргеннен кейін жемқорлық тақырыбын жабамыз. Бұл бөлімде комедия жанрын аз қосамыз. Көбіне статистикаға мән береміз. Одан кейін кино желісі жемқорлықтың кесірінен болған оқиғалармен өрбейді. Бұл кино да шетелде түсіріледі. Қаңтар айында жобамызды бір пысықтап, щетелге аттанамыз”, – деп жоспарын айтты.

Актердың айтуынша, фильмінің екінші маусымына көңілі толған. Тіпті өзі күтпеген дүмпу болып, әр өңірден билет сұрап хабарласқан көрермен санында шек болмапты.

“Әдеттегідей комедия жанрындағы фильмнің бірі болады деп ойладық. Алайда жағдай біз ойлағаннан да керемет нәтижелі болды. Бір аптада 1 миллион АҚШ долларын жинады. Кинотеатрда 58 күн үзбей көрсетілді. Осыған дейін қаншама кино көрсетіліп жатса да, 58 күн бойы аншлаг бұрын-соңды болмапты. Отандық киноиндустрияда милиардер болған Нұрлан Қоянбаевтан кейін біз екінші орынға жайғастық. Жалпы, біздің сценарист пен режиссер халық көңілінен шығатын керемет туынды жасап шығарғанын айтпасқа болмайды”, – дейді актер.

Актер алғашқы продюсерлік дебюті болса да, түсіне кірмеген қаражат жиналғанына әлі күнге дейін таңданады.
“Көрсетілім біткеннен кейін кассаны санағанда 1 миллиард 81 миллион теңге түсіпті. Кино түсіру үшін инвестор тауып, содан ақша алған едік, ең бірінші соны қайтардық. Жарнама мен кинотеатрдың әкімшілігімен есептестік. Қанат Әлжаппаров екеуміз болғасын қолымыздағы 30 миллионды теңдей етіп бөліп алдық. Тоғыз ай бойы төгілген тердің ақысы осылай ақталды. Қазір халықтың талғамы өзгеріп кетті. Ішкі ниетің ақша жасау болып арзанқол дүние ұсынсаң көрерменге өтпей қалуы мүмкін. Халық талғамының өскенін байқадым”, – деп ағынан жарылды актер.

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры