jasqazaq.kz

Иранда ереуілдер кезінде 2 адам қаза тапты (видео)

31 желтоқсан 2017, 16:19

Ирандағы ахуал ушығып барады. Мұнда үш күн бұрын басталған ереуілдер ел астанасы Тегеранға да жетті. Ашынған топ полицейлермен қақтығысып, мемлекеттік нысандарды басып алуға талпынған. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Доруд қаласындағы қақтығыс кезінде тәртіп сақшыларының оғынан екі адам қаза тапты. Дегенмен әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ. Жергілікті арналардың хабарлауынша, тұрғындар елдегі өмір сүру жағдайының нашарлығы мен жемқорлыққа наразы. Ал үкіметтегілер азаматтардың билікке қарсы бас көтеруіне сыртқы күштер әсер етті деп отыр. Сондықтан ереуілдерді заңсыз деп таныды. Тіпті митингке қосылушылардың жолын бөгеу үшін қоғамдық көліктердің қатынасын тоқтатты. Ал Тегеран полициясының өкілі шаһар толықтай тәртіп сақшыларының бақылауында екенін мәлімдеп, наразы топтың тарауына кеңес берді. Бұған дейін билік ереуілге бастамашы болған оншақты адамды қамауға алған. Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп Иран үкіметінің наразылыққа шыққандарға қарсы қандай шара қолданатыны әлем елдерінің назарында екенін ескертті.

 

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды