Иран елінде бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытуға тыйым салынды. Ел басшысы Али Хаменеидің пікірінше, шет тілін ертеден оқыту – батыс “мәдениетінің енуіне” жол ашқан.
Бұл туралы Reuters-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Иран жоғары білім беру мемлекеттік кеңесінің төрағасы Мехди Навид-Адхам: “Ағылшын тілін мемлекеттік және мемлекеттік емес бастауыш мектептерде оқыту – заң мен ережеге қайшы келеді”, – деп мәлімдеді.