jasqazaq.kz

Ерке Есмахан өзін ренжіткен адамның жазаланғанын айтты

03 қантар 2018, 9:51

Танымал әнші Ерке Есмахан 2017 жылды қорытындылап, тыңдармандарына жан сырын ақтарды. Ол бір кездері өзін ренжітіп, ел алдында өзі туралы теріс пікір айтқан адамдардың жазаланғанын айтты. Жұрт әншінің бұл жазбасы Төреғалиға арналған деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Өткен жылға өкпем жоқ! Өзімді толық шығармашылыққа арнадым! Тынбай еткен еңбектің жемісі тəтті боларына көз жеткіздім! Халықтың шын ықыласын көп сездім, ел арасындағы көп апа-аталарымның батасын алдым. Əке-шешем мен бауырларым күні-түні тілеуімді тілеп, кез келген уақытта жанымнан табылды. Аман болыңдаршы! Бəрін білуші, бəрін беруші Аллаға сансыз шүкір! Бəрі алда екеніне сенем! Жолыма тосқауыл болғысы келген, жөнсіз қатты сөз айтқан, уəдесін орындамай “лақтырған”, ел алдында мен туралы теріс ой айтқан адамдар да болды. Сол сəттерде тауым шағылғандай, көңілім құлазыды. Бірақ өмірде бумеранг қағидасы барына көп ұзамай көз жеткіздім!” – деп бастады сөзін Ерке.

Алайда әнші өкпе-реніштің бәрін өткен жылда қалдыратынын айтып, желідегі оқырмандарына ақ тілегін арнады.

“Жеке өмірде болса мұңайған да, махаббаттан бас айналған шақтар өтті…. Мен бəріне тек жақсылық тілеймін! Құрметті достар! Өкініш-реніштің бəрі есіркесін! Жаңа жыл жарылқасын! Бəріңізге денсаулық тілеймін! Айнала əдемілікке толы болсын! Молшылық болсын! Сəби сүйе алмай жүргендер сəби сүйсін! Үй ала алмай жүргендер үйлі болсын! Ауырып жүргендер құлан таза айығып кетсінші! Жалғыз жүргендер жүрек иесін тапсыншы”, – деп бөлісті ол.

Алғашқыда ренжігенін білдіріп, кейін бәрін ұмытқанын айтқан Ерке инста-оқырмандарын ойландырып қойды. Көпшілік бұл жазба жуырда ғана қатаң сынға ұшыраған Төреғалиға арналды деп болжады. Себебі бұған дейін Ерке әріптесі мен оның әкесіне әлі де ренішті екенін тұспалдап айтқан болатын.

Есте болса, “Алло” әні жарыққа шыққан соң Төреәлі Төлепов ел алдына шығып: “Ерке Есмаханның сахнада жүргеніне қанша жыл болды?! Алайда оны ешкім таныған жоқ. Төреғалидің арқасында танылды”, – деп жар салған болатын. Бұдан кейін қос тараптың арасына сызат түсті. Еркенің өзі бұл дауға қатысты ләм-мим деп жауап бермеді. Есесіне продюсері Баян Мақсатқызы әріптесімен келісім-шартты бұзды.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды