Дубайда Жаңа жыл мерекесін тойлау аясында ауқымы жағынан теңдессіз лазерлік шоу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Дубайда Light Up 2018 деген атпен өткен шоуға әйгілі Бурдж Халифа ғимараты түгел пайдаланылған. Аталған шоудың видеосы You Tube-та жарияланды.
Кейбір БАҚ-тар хабарлағандай, шоу Гиннестің рекордтар кітабына енгізіледі. Музыкамен сүйемелденген салтанатты лазерлік проекцияларды көрермендер 7 минут бойы тамсана тамашалады.
Ұйымдастырушылар қарапайым салюттердің орнына лазерді пайдаланған.