jasqazaq.kz

Cерікбол Сайлаубек: Мені де, анамды да алдап кетті

06 қараша 2023, 20:06


Соңғы кезде өмірі мен өнері жиі халық талқысына түсіп жүрген әнші Серікбол Сайлаубекті сенген адамы алдап кетті. Бұл туралы өнер иесі “Жылдызды weekend” бағдарламасында айтты.
“Бір көрген адамды үйге апарып, жақын тартудың қажеті жоқ екен. Ол кісі мені және жақындарымды да алдап кетті. Өйткені халықтың алдында жүрген өнер адамдары арқылы аудитория жинайды екен. Сондай адамның қармағына іліктім. Республика сарайының алдында мені күтіп алып, “сіздің жанкүйеріңізбін, әндеріңізді жатқа білемін” деп сендірді. Қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, балалар үйі мен қарттар үйіне ертіп апардым. Өзі де сол жерде керемет мәрттік танытып, қызмет жасады. Шаңырағына қонаққа шақырып, талай мәрте дастархандас болдым. Көмекшім секілді қасыма еріп жүретін. Сондай қадам арқылы менің сеніміме кіріпті”, – деп бастады әңгімесін әнші.
Әншінің айтуынша, “көмекшісі” әншінің күн тәртібін де біліп алып, анасын да бопсалаған көрінеді.
“Ол кісі менің күн тәртібімді білетін. Қашан келемін, қай уақытта телефонымды өшіремін, қай күні ұшамын, бәрін біліп отыратын. Концерт кезінде сахнада ән айтып тұрғанда телефонымды өшіріп тастайтыным бар. Сол уақытты пайдаланып, анама телефон соғып:” Серікбол хәл үстінде жатыр” деп ақша сұраған. Одан кейін мен жоқта үйге келіп, концертке киетін киімдері деп бренд сахналық костюм мен сағаттарымды алып кеткен. Дүниемен сыналған шығармын”, – деп еске алады сол күндерді.
Айтуынша “көмекшісі” қазір темір торға қамалған.
“Менімен бірге біраз адамды алдаған болып шықты. Бір жалғызбасты әйелдің үй алып беремін деп сегіз миллион теңгесін жымқырған көрінеді. Оны естіп, қатты күйіндім. Қазір жазасын өтеп жатыр”, – дейді әнші.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры