jasqazaq.kz

Бибігүл Жексенбай: Жалған ақпарат — қатерлі қару

01 наурыз 2023, 15:39

Менің пікірім

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жалған ақпарат пен адамның ой-санасын алдап-арбайтын өтірік хабарға тосқауыл қою қоғамда тұратылықты баянды етудің маңызды міндетіне айналды. Jas Qazaq-тың «Менің пікірім» айдары БАҚ майталмандарының осы тақырыпқа қатысты ой-пікірін ұсынады. Айдардың бүгінгі қонағы – Бибігүл Жексенбай, тәжірибелі журналист, Сенат депутаты, Қазақстан бас редакторлар клубының президенті.

«Бүгінгідей сандық технологияның жылдам дамуының арқасында ақпарат – әр күн сайын саны жағынан екі есе артып келе жатқан жалғыз өнім. Ақпараттарды әр түрлі платформаларда таратудың көз ілеспес жылдамдығы – біздің цифрлық қоғамның тағы да бір ерекшелігі. Ақпаратты жазу, өңдеу және оны тарату арналарының көп болуы қоғамдық пікірді, жалпы мінез-құлықтың ортақ стереотипін қалыптастыруға негіз болады. Сонымен бірге, PR технологиялардың құралдары арқылы популизм мен манипуляция элементтерін қосады. Осындай ықпал етуші формаларды түрлі мақсатта жүзеге асыру – мемлекетаралық қақтығыстан ішкі саяси тұрақсыздыққа әкеліп, ақпараттық соғыс жағдайын туғызады.
Ақпараттық соғыс барысында жұртшылық әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы құзыретті органдар мен жауапты тұлғалардан сол оқиғаға қатысты ресми ақпарат беруін талап етеді. Мұндай сәтте популизм мен манипуляция арқылы саяси клишелерді қалың жұртшылықтың санасына енгізу қарқынды түрде жұмыс істейді.
Мұндай қауіпті жағдайлардың негізі — fake news. Бұл ұғым осыдан төрт бес жыл бұрын АҚШ президенттігіне үміткер ретінде сайлауға түскен Дональд Трамптың кезінде кеңінен қолданыла бастады. Бұл да пиар технологиялар секілді имиджді көтерудің бір тәсілі. Нақтырақ айтсақ «fake news»-тің негізгі пайдасына — танымалдылық пен монетизация жатады.
Жалған ақпараттар газет-журнал жоқ кезде де қоғамдық сананы басқарудың құралы ретінде қызмет етті. АҚШ-та тәуелсіздік үшін күрес жағдайында да ақпараттарды бұрмалау жағдайлары жиі кездесті.
1773 жылы тарихта «Бостондағы шай ішу» атымен қалған оқиға естеріңізде шығар. Бұл оқиғаға британдықтардың герб салығының орнына жаңа кедендік салықтардың салынуы себеп болды.
Сол кездегі тәуелсіздікке мүдделі топтар жылт еткен ақпараттардың бәрін өз мақсаттары үшін бұрмалап, халықтың көтерілуіне түрткі болды. Демек жалған ақпараттардың алғашқы толқынының тарихи оқиғалармен байланыста болуы бүгінгі таңда да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Бірақ бұл заман ағымына қарай түрліше сипат алады. Бізге күн сайын коммуналдық қызметтер бағасының өсуі, әлемдік геосаяси жағдайдағы әскери агрессия қаупі немесе вирустың жаңа штаммы туралы ақпараттар болсын, біздің көңіл-күйіміз бен өмірімізге әсер етуде.
Жалған ақпараттар қоғамға әсер етпейтіндей көрінуі мүмкін. Бірақ ол — өте зор, қатерлі қару. Оның негізгі мақсаты: халық арасында дүрбелең тудырып, жаппай тәртіпсіздіктерге итермелеп, бұқараның санасын улау, адам бойында алаңдаушылық сезімін туғызу.
Ақпараттың көптігі — адамдардың толассыз жаңалықты талдап, тұжырым жасауға мүмкіндік бермеуде. Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, аудиторияның 90 пайызы фейк-ақпаратты шынайы ақпараттан ажырата алмайды екен. Кейбір фейк-ақпараттар аса қауіпті болмаса да манипуляция мен адамдардың денсаулығына әсер етуді көздейді.
Мысалы, 2020 жылдың көктемінде Ұлыбританияда «5G мұнаралар вирусты тасымалдайды» деген ақпарат тарады. Нәтижесінде адамдар 20 ұялы мұнараны өртеуге тырысты.
2022 жылы 16 маусымда Еуропалық комиссия Google және Twitter секілді дүниежүзілік ақпарат алыптары қол қойған фейк ақпараттарға қарсы кодексін ұсынды.
Кодексте жалған ақпарат: «Алдау, экономикалық немесе саяси пайда алу мақсатында таралатын және қоғамдық зиян келтіруі мүмкін жалған немесе жаңылыстыратын контент» ретінде түсіндіріледі.
Адам фейк-ақпараттардың құрығына түсіп қалса, жағымсыз эмоцияларға душар қылады, бұл өз кезегінде жалған ақпараттардың таралу механизмінің жүзеге асуына жол береді.
Фейк ақпараттарды келесідей жолдармен ажыруға болады. Олар:
— ресми ақпарат көздерінің болмауы;

гиперболизацияланған, абсурдтық немесе тым эмоционалды тақырып;

— күдікті немесе белгісіз сайт домені;

— авторы жоқ материал;

— біржақты беру стилі, тек бір көзқарастың болуы;

күмәнді фактілер, оқиғалардың бұрмалануы, өзекті болып көрінетін ескі фотосуреттер.

Әрине, ақпараттың шынайылығын тексеру үшін уақыт қажет.

Өз кезегінде Қазақстан Бас редакторлар клубы журналистерге жалған ақпараттың зиянын түсіндіру, оған тосқауыл қоюдың амал-тәсілдері көрсетілетін практикалық сипаттағы іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.

Бұл бағыттағы жұмысымыз әрі қарай жалғасын табады.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата