jasqazaq.kz

Бейберекет бейіт салу бәсекесіне тыйым салынады

25 ақпан 2017, 14:32

Алдағы уақытта қайтыс болған адамды жерлеу мен қабір салу тәртіптерін нақтылайтын заң жобасы дайындалады.  Бұл туралы  «Астана» арнасына сілтеме жасап baq.kz хабарлайды.

Зират түйе өркешінен биік болмауы тиіс. Мұсылмандар діни басқармасы мен Ғұламалар кеңесі зират орнатуға қатысты жаңа ережелер енгізуде бір байламға келген.

«Біз қазір ҚМДБ-сы, оның ішінде Ғұламалар кеңесі еліміздің батыс өңірінде ескіден сақталған ою-өрнекті сағана тастарды негізгі үлгі ретінде алып отырмыз. Кесене орнаттың не, орнатпадың не, оның кеудесінен Аллах-Тағалла аманатын алып кетті, рухын алып кетті. Кейінгі кезде суретін қоюға болмайды деп естіп жатамыз. Бірақ артымызда қалатын ұрпақтарға кейін көрсеткенге, бейітін қалай табуға болатынын білу үшін жаңағы суреті болғаны дұрыс деп ойлаймын» — дейді ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, дінтанушы Мұхан Ықсан.

Алматы жерлеу қызметтері комбинаты қызметкерлерінің айтуынша, қазақтардың көпшілігі мазарды үлкен етіп салу үшін банктерге барып несие рәсімдеуден де тайынбайды.

«Қазіргі таңда қазақтар арасында мәйітті жерлеуде де бәсекелестік асқынып кетті. Осыны тоқтату үшін бірқатар бастамалар бар», — дейді «Алматы салттық қызмет көрсету арнайы комбинаты» ЖШС директоры Марат Исмайылов.

Телеарнаның мәліметінше, Қазақстанның Мұсылмандарының Діни Басқармасы қазірдің өзінде жерлеу тәртіптерін дайындап қойды. Құжатта қабірдің басына мәрмәрдан тас қою мен ескерткіш орнатудың міндетті еместігі, тек қана көрінетіндей етіп қоршап қою жеткізікті екені айтылған.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

 

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң