jasqazaq.kz

Әуежай маңындағы қалдық полигондары құстардың жиналуына әсер етеді

13 ақпан 2023, 13:57

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, әуежайлардың жанында қатты тұрмыстық қалдық полигондары мен рұқсат етілмеген полигондардың орналасуы əуе тасымалының қауіпсіздігін нашарлатқан.

Мәжіліс депутататтарының сауалына жазған жауабында ол: «Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» Заңның 90-бабының 4-тармағына сəйкес, әуе айлағының бақылау нүктесінен он бес шақырым қашықтықта тағам қалдықтарын тастайтын орындарды, аң фермаларын, қасапханаларды жəне құстарды тартумен жəне олардың топталып жиналуымен ерекшеленетін басқа да объектілер құрылысын орналастыруға тыйым салынады. Бірақ соған қарамастан, әуежайлардың əуеайлақ маңындағы аумақтарда осындай 350 нысан салынды», — деді.
Берік Асылов келтірген дерек бойынша, Алматы қаласының əуежай аймағында осындай 10-нан астам нысан жұмыс істейді. Азаматтық авиация комитетінің мақұлдауынсыз Шымкент қаласы əуежайының 4 шақырымдық аймағында 1 303 нысан тұрғызылған. Осыған ұқсас деректер еліміздің барлық өңірлерінде (Қостанай облысынан басқа) тиісті келісімсіз 100 мыңнан астам түрлі құрылыс нысандары тұрғызылған.
Осыған орай Бас прокуратура Үкіметке әуе тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ұсынысын жолдады:
— жергілікті атқарушы жəне уəкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмін əзірлеу;
— əуеайлақ маңындағы жерді аймақтарға бөлу;
— əуежайдың санитарлық-қорғау аймағын белгілеу;
— ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, жер телімдерін заңсыз иеленуден алу жəне əуежайлардың санитарлық-қорғау аймақтарына қайтару мəселелерін қарау;
— тамақ қалдықтары шығарылатын орындарды, қоқыс үйінділерін (əуеайлақтың бақылау нүктесінен 15 шақырым қашықтықта) орналастыруға, аң шаруашылығы фермаларын, мал сою алаңдарын жəне құстардың жиналуына әсер ететін өнеркəсіптік жəне тұрмыстық инфрақұрылымның басқа да құрылыс нысандарын тұрғызуға тыйым салу;
— кінəлі адамдарды жауапқа тарту.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата