jasqazaq.kz

Атамбаев үлкен саясатқа қайта келуі мүмкін

08 қантар 2018, 14:40

Алдағы уақытта Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев басқарушы партияның төрағалығына сайлануы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның xалықаралық қатынастар кеңесінің төрағасы Ерлан Қарин айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Қырғызстанның партиялар майданында саяси белсенділік артуы әбден мүмкін. Себебі Алмазбек Атамбаев үлкен саясатқа қайта оралмақшы. Жақын арада ол Қырғызстанның басқарушы партиясы — социал-демократтардың жетекшілігіне келеді деген болжам бар. Сөз жоқ, бұның бәрі осы елдің ішкі өміріне өз әсерін тигізеді. Қырғыз сарапшыларына сенсек, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау да өтуі мүмкін», — дейді саясаттанушы Ерлан Қарин. Ал Ирандағы қазіргі жағдайға қатысты сұраққа саясаттанушы көрші Қырғызстанды мысал ретінде келтірді. Оның айтуынша, белгілі бір шиеленістер кезінде болжамдар көп болады. Ал нақты сараптама, соның ішінде аймақтық сараптама жасалмайды. Біз, көп жағдайда, ішкі мәселелермен шектелеміз. «Қазір Иран дейміз, осы жолы біз Қырғызстанның өзін үш-төрт ай талқыладық та, қойдық. Ал ертең ол жақта тағы бір тосын жағдай туындап жатса, біздің сарапшылар Қырғызстандағы ішкі саяси күштердің арақатынасын, кімнің қандай бағытта, қандай көзқарасы мен жоспары бар екенін дөп басып, айта алмайды», — деп атап көрсетті Е.Қарин. Айта кетейік, бүгін Қазақстанның xалықаралық қатынастар кеңесі (ҚХҚК) биылғы жылдың маңызды оқиғаларын жариялады. Сарапшылардың айтуынша, ағымдағы жылда Орталық Азияның экономикасы өседі. Бұдан бөлек, Орталық Азия басшылары 2005 жылдан бері алғаш рет кездесуі мүмкін деген болжам бар.

 

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды