jasqazaq.kz

Астанада мектеп оқушысы боранда жоғалып кетті

11 қантар 2018, 12:15

Бүгін Астанада боранда мектеп оқушысы жоғалып кетті. Бұл ақпаратты елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бала 2009 жылы туған, 2-сыныпта оқиды, есімі Руслан. Ата-анасы сабақ болмайтынын айтып, үйден шықпауын ескерткен. Алайда бала тыңдамай, таңғы сағат 07:44-те мектепке барамын деп шығып кеткен. Қазіргі таңда полицейлер оқушыны іздестіріп жатыр», — деді ІІД жетекшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала «Құлагер» ТК ауданында тұрады. Толығырақ мәлімет кейінірек қосымша хабарланады.

Айта кетейік, Астана қаласы білім басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 1-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға, сондай-ақ 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлаған еді.

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды