jasqazaq.kz

Астанада лифтінің құлау себебі анықталуда

06 қантар 2018, 14:41

Астанадағы Тұрғын үй инспекциясының ақпаратынша, тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін компания ескертуге қарамастан лифтілерді есепке қою бойынша тиісті жұмыс жүргізбеген.

Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

31 желтоқсанда Тәуелсіздік 38/2 көшесінде орналасқан үйдің бірінші кіреберісінде лифт құлады. Оқыс оқиға кезінде лифтінің ішінде 8 адам болған.

Оқиға орнына тұрғын үй басқармасының басшысы барып, зардап шеккендермен және лифтінің құлау себебін анықтау бойынша мүдделі органдармен кездесті.

Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты толық техникалық сараптама жүргізіліп жатыр.

Анықталғандай, “GLIFT” маркалы құлаған лифт 2013 жылы Түркияда жасалған. Оған қызмет көрсетумен “Бегенов” ЖК сервистік лифті компаниясы айналысады. Аталған тұрғын үйдің басқару органы – “Тоқабаев” ЖК. “Бегенов” ЖК-мен келісімшарт бекіткен де солар.

“Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасы 2017 жылдың мамырында “Тоқабаев” ЖК басқару органына қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілер) пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертілді. Алайда “Тоқабаев” ЖК “Азаматтық қорғау туралы” ҚР заңына сәйкес тұрғын үй инспекциясында лифтілерді есепке қою бойынша тиісті жұмыс жүргізбеген”, — деп атап өтті ведомстводан.

Астана әкімінің тапсырмасымен былтыр Астанада тұрғын үй инспекциясы 500-ден астам лифтіні тексерді. Тексеріс нәтижесі бойынша 25 ПИК пен лифті компанияларына қатысты әкімшілік шара қолданылды.

“Тәуелсіздік, 38/2 көшесінде орналасқан үйдің лифтілері тексерілген жоқ, себебі тұрғындар тарапынан инспекцияға шағым түспеген”, —деді қалалық инпекциядағылар.

Stan.kz

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды