jasqazaq.kz

Астанада қанша пәтер жалға беріледі?

27 қазан 2016, 15:09

photo_30856

Астанада 14 мыңға жуық пәтер заңсыз жалға беріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.

«9 мың пәтер заңды түрде жалға беріліп, 3 пайыз көлемінде салық төлейді. Сондай-ақ, біздің мәліметімізше, 14 мың пәтер заңсыз жалға беріліп, бюджетке салық төлемей жүр», — деді әкім EXPO-2017 көрмесіне дайындық жұмыстары бойынша отырыста.

Сондай-ақ, Исекешев елордада қылмыстық жағдайдардың неден болатынына мысалдар келтірді. Оның айтуынша, бұған себептердің бірі — тіркелмеген азаматтар.

«Қылмысқа тікелей қатысы жоқ мәселелер көптеп кездесіп жатады. Қылмыс деп отырғанымыз тек адам өлтіру мен қарақшылық емес. Сондай-ақ, басқа да ереже бұзушылықтар. Бірыңғай такси қызметін құруға тапсырма берілді. Бізде такси мәселесі де реттелмеген. Атышулы кісі өлімдері мен бірнеше тонау деректері болды. Біз такси жүргізушілеріне лицензия бере алмаймыз. Мен былай дедім: «Астана үшін мынандай жағдай жасайық — бізге такси жүргізушілерін қамауға алуға немесе оларға лицензияға беру рұқсат беріңіздер. Әйтпесе, бұл мәселе шешілмейді», — деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, қоқыстарды тастауға қатысты да шешілмеген мәселелер бар. «Егер де статистика мәліметтерін алатын болсақ: қанша адам қоқысты шығарады. Бізде 500 мың адам қоқыс тастайды. Бір пәтерде бір адам тіркеуге тұрып, онда 23 адам тұра береді. Ұсақ ереже бұзушылық болса да, ол жалғасып барады», — деді әкім. Сонымен қатар, Парламентке қала мен көрме қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін заңнамаға өзгертулер енгізудің жоспарда бар екенін айтып өтті

tengrinews.kz

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды