
Санитарлық дәрігерлер асқа келген қонақтар жылқы етіне уланған болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Бурабай кентіндегі асқа келген қонақтардың жаппай асқа улануына зарарлы жылқы еті себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма бастығы Сералы Жолдаспаев хабарлады.
Бурабайдағы ас беруден кейін 40-тан астам адам дімкәстік сезінген Бурабай орталық аудандық ауруханасына 28 ақпанда науқастар келіп түсе бастады. Бүгінгі таңда 40-тан астам адам дімкәстік сезінген. Олардың барлығы жылқы етін жеген. Дәрігерлер алдын ала асқа улану, салмонеллез диагнозын қойып отыр. Жалпы 232 адам болған: жергілікті тұрғындар, Көкшетау, Астана, Петропавл және Қарағандыдан келгендер. Ауруханаға дімкәстік және улану белгілерімен 44 адам жүгінді. Олардың арасында сегіз бала бар. «Улану тетігі анықталды – алиментарлық, ас арқылы. Барлық клиникалық көрсеткіштер жылқы етімен улануды көрсетіп отыр. Салаттар мен жеңіл тамақтар дастарғанға қойылмаған. Бір кесек ет жеп, ауырып қалған жағдайлар бар. Бұл көлемді тұқымдандыруды білдіреді, мәселен салмонеллез жұқтырған адам гигиеналық нормаларды сақтамай қолымен бактерия кіргізген», — деді Жолдаспаев. Еттің дәмханада қайнатылмағаны анықталды. Етті ас берген адамдар өздері далада қазанға қайнатқан. Ал жылқы Бурабай ауданы Абылайхан ауылынан сатып алынған.