jasqazaq.kz

Асқарбек Қазанғап, тележурналист: Абайлаңыз, фейк ақпарат!

28 ақпан 2023, 14:41

Менің пікірім

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жалған ақпарат пен адамның ой-санасын алдап-арбайтын өтірік хабарға тосқауыл қою қоғамда тұратылықты баянды етудің маңызды міндетіне айналды. Jas Qazaq-тың «Менің пікірім» айдары БАҚ майталмандарының осы тақырыпқа қатысты ой-пікірін ұсынады. Айдардың бүгінгі қонағы – журналист Асқарбек Қазанғап.

«Әлеуметтік желі қанатын кең жайғанда өзін ақпарат көзі санайтын парақшалар құмырсқаша қаптады. Күнұзақ телефонға телміргендердің назарын аударамыз дегендер мәселенің байыбына бармай, тақырыбын айқайлатып қойып жатады. Сорақысы сол, жалпақ жұртқа жалған ақпарат тарату арқылы рейтинг жинайтындар көбейді. Мұндай «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жаратын» сайт пен парақшаларға тұсау бар ма? Дұрыс пен бұрыс мәліметтің аражігін қалай ажыратамыз? Оларға жаза қарастырылған ба? Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітіп көрейік.
Алдымен, фейк ақпарат дегеніміз не? Бұл — шынайы дереккөз ретінде ұсынылып, жұртты жаңылыстыруға бағытталған ақпарат. Оның өзін екі санатқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісінде, автор материалдың мәліметі шындыққа жанаспайтынын біле тұра, қасақана таратып жібереді. Екіншісінде, жалған ақпарат екенін білмей, жазбасына назар аударту үшін жариялауы мүмкін.

Төтесіне көшсек, қоғам дұрыс ақпарат пен жалған ақпаратты ажырата алмаған кезде түсінбеушілік туындайды. Бұл халық пен билік ортасындағы байланысқа салқынын тигізіп, соңы наразылыққа дейін ұласуы мүмкін. Мәселен, жаһанды коронавирус жайлаған кезеңде ел ішінде іріткі салып, әлеуметтік желіде дүрбелең туғызғандар табылды. Уатсап желісінде «аспаннан осы күндері вирус шашылады, үйден шықпаңыздар» деген хабар тарады. Сондай-ақ «антибиотик пен аспиринді ішу арқылы коронавирустан жазылуға болады» деген фейк-ақпарат қаншама адамды адастырды. Іле-шала денсаулық сақтау министрлігі мұны жоққа шығарып, халықты тек ресми дереккөзіне сенуге шақырды.

Танымал адамдарды «өлтіре салу да» сарыжағал басылымдар үшін әдетке айналды. Дегенмен уақытша рейтинг арқылы қаралым жинауды көздегендердің атағы ұзаққа бармайды. Елде жалған ақпаратпен күрес шарасы мықтап қолға алынды. 2021 жылы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мұрындық болуымен stopfake.kz сайты ашылды. Нәтижесі көп күттірмеді. «Ә» дегенде Қазақстанның ақпарат алаңында тараған 900-ге жуық фейк ақпаратты жоққа шығарды.
Аңдамай, я әдейі жалған ақпарат таратқандардарға жаза қатаң. 20 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлеуі немесе 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Барлық дерек Қылмыстық кодекстің 274-бабы, 4-бөлігімен тіркеледі.

Фейк ақпараттың құрығына ілінбеудің амалы қарапайым. Ресми дерек көзінде күдік туғызған мәліметті салыстырсаңыз болады».

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка