Алматыда “Үш-қоңыр” базарындағы техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
Өрт жайлы мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Оның айтуынша, өрт Алатау ауданында Солтүстік айналма көшесі, №36 үйде шыққан.
“Үш-қоңыр” базарының аумағында бір қабатты ғимарат өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Оқиға орнында 24 өрт сөндіруші мен 8 арнайы өрт техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ”, – деді Руслан Иманқұлов.