jasqazaq.kz

Алматыдағы аяқ-қолы құрысып қалған дәрігерге қатысты түсініктеме берілді

07 маусым 2021, 17:03

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев акушер әйелдің аяқ-қолының құрысып қалуының коронавирус вакцинасына қатысы бар-жоғы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында акушерка болып жұмыс істейтін қыздың жағдайына қатысты комиссия жұмысын аяқтады. Оның аяқ-қолының құрысып қалуының вакцинаға ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Комиссия оның жағдайын өзін-өзі ұстай алмау, уайымға салыну деп бағалады. Деректердің толық қорытындысын күтеміз. Қазір ол ата-анасының бақылауында», — деп жауап берді Табынбаев.

Еске салайық, әлеуметтік желіде вакцина алғаннан кейін аяқ қолы тартылып, құрысып қалған қыздың видеосы тарады.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев оқиғаның шынымен болғанын растады. Оның сөзінше, видеодағы әйел перинатология және балалар кардиохирургия орталығында акушер болып қызмет етеді.

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды