Алматы қаласныда шатырдың қаңылтырын жасайтын екі қабатты ғимаратта ораналасқан цех отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өрт туралы хабар сағат 02:03-де келіп түскен. Цех Жетісу ауданындағы бродский көшесінде орыналасқан. «Алғашқы өрт сөндіруші машина шақырған жерге 7 минуттан соң, 02:10-де жетті. Бұдан соң оның артынан көмекке тағы да бірқатар техника мен жасақ аттандырылды. Темір өнімдер мен шатыр қаңылтырын жасайтын цех отқа оранғаны анықталды. Өрт сөндірушілер жалынды 02:59-да оқшаулап, бір сағаттан соң 03:10-да толық сөндірді», — деп мәлім етті қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, жалын 290 шаршы метр жерге зақым келтірген. Ал ғимараттың толық ауданы 750 шаршы метр. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.