jasqazaq.kz

Алматы маңында қой бағып жүрген шопан қару тауып алды

09 ақпан 2022, 17:24

Бүлік кезінде қолды болған қару-жарақтар жер-жерден әлі де табылып жатыр. Сондай қару-жарақ арсеналының бірін Алматы маңында қой бағып жүрген шопан тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәлімдеуінше, қару-жарақ жасырылған жерден Алатау ауданының полицейлері оқ өткізбейтін кеудеше, каска, травматикалық тапанша мен ондаған патрон тәркілеген.

Біздің бөлімшеге У.есімді азамат хабарласып, «Дархан» ықшамауданындағы сайда мал бағып жүрген кезінде қару-жарақ арсеналын тауып алғанын хабарлады. Ақпарат расталды. Жедел-тергеу тобы каска, оқ өткізбейтін кеудеше, 7,62 мм калибрлі 20 патрон, «Беретта» травматикалық тапаншасы, резеңке таяқшалар, «Макаров» тапаншасынан 19 патрон және белгісіз травматикалық тапанша тәркіленді.

Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков

Полицей қойманың ішінен табылған қару-жарақтың меншік құқығы мен шығу тегі тексеру барысында анықталатынын айтты. Арсеналды жасырған тұлғалар жауапқа тартылады.

05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
03 маусым, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр
03 маусым, 12:49
Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды
03 маусым, 12:47
Түркістан: Мың шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр