jasqazaq.kz

Алаяқ бизнесменнен қару-қалам тәркіленді

06 қантар 2018, 11:09

Аляқтық әрекеттері үшін тергеуге алынған Брест қаласында тұратын бизнесменнен қару-қалам тәркіленді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Тәртіп сақшылары оның үйінен сырт келбеті кәдімгі авто қаламға ұқсайтын, бірақ атыс қаруы ретінде қолдан құралған конструкцияны тапты. «Баллистикалық сараптама көрсеткендей, аталмыш құрылғы зауыттағы аспаптардың көмегімен жасалып, 5,6 миллиметрлік шеңберлік жану оқтарымен атылатыны белгілі болды. Шағын қару бір рет оқталатын, тегіс ұңғылы отқару ретінде тәркіленді», деп хабарлайды баллистикалық сараптама мамандары. Тергеу нәтижесі көрсеткендей, Брест тұрғыны 2013-2015 жылдар аралығында таныстарын алдап 40 мың доллар және Br317 млн (номиналданбаған) ақшасын алып кеткен. 2015 жылы ол жергілікті құқық қорғау орындарына «Бентли Континенталь» көлігін белгісіз біреу бүлдіріп кетті деп шағым түсірген. Артынан анықталғандай, өз көлігін өзі бүлдірген алаяқ «Белгосстрах» сақтандыру компаниясынан Br492 млн (номиналданбаған) өндіріп алған. Қылмыскердің үстінен «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚазАқпарат

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды