8 қаңтарда кешкі уақытта Ақтөбе әкімдігінің территориясында ер адамның мәйіті табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ер адамның денесі жұмыс уақыты аяқталған кезде табылған. Кешкі жеті шамасында Ақтөбе қалалық әкімдігіне полицейлер, тергеушілер және криминалистер келген. Мәйітті мамандар арнайы көлікпен алып кетті.