jasqazaq.kz

Ақтөбе. Адам тасып, ақша тапқысы келді

14 сәуiр 2020, 17:17

#үйдеотыр

Ақтөбеде дәрі-дәрмек тасымалдайтын көлік иесі Ақтөбе-Орал бағытында жасырын адам тасымалдаған.

Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері жасырын қалааралық тасымалдаумен айналысқан жүргізушіні анықтады. Ақтөбе қаласының Қобда бағытындағы №1 блокпостта «Хонда-Элюзион» көлігі тоқтатылды. Онда жүргізушіден бөлек тағы төрт жолаушы болған.

«Тексеру барысында автокөлік жүргізушісі фармацевтика компаниясының өкілімен Ақтөбе қаласынан Орал қаласына дәрілік заттарды тасымалдағаны анықталды. «Индрайвер» қосымшасының көмегімен жүргізуші және фармацевтика компаниясының өкілі Ақтөбеге жолаушы жинап, тасымалдаған. Төрт жолаушыға ӘҚБтК-нің «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жүргізушіге ӘҚБтК-нің «Төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер» бабы бойынша хаттама толтырылып, материалдар шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды