jasqazaq.kz

Әйел таксиде босанды (видео)

30 тамыз 2020, 14:56

Орал тұрғыны таксиде босанды. Оқиға сенбі, 29 тамызда болған. Бұл туралы  «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Куәгер оқиғаны видеоға түсірген. Кадрлардан көлікте туған нәрестенің кіндігін кесіп жатқан сәтті көруге болады.

«Досым екеуміз Правдухин мен Московская көшелерінің қиылысында көлік жуу орнында әңгімелесіп тұрғанбыз. Артынша жақын маңда Volkswagen көлігінің тоқтағанын байқадық, ал оның артына жедел жәрдем көлігі келіп тоқтады. Досым Тимур Мұхамедьяров облыстық перинаталдық орталықта акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Ол шақыртуға жас фельдшерлер келгенін байқап, «Көмек керек емес пе?» деп сұрады», — деді Азамат Әбуғалиев.

Ер адамдар көлікке жақындаған соң, онда әйелдің босанып жатқанын көрген. «Тимур бірден қолғап, алкоголь сұрап, босанып жатқан әйелге көмектесті. Кіндігін кесті. Бәрі жақсы болды. Анасының да, баласының да жағдайы жақсы», — деді куәгер.

Әйел перинаталдық орталыққа жеткізілген. Таксиде ұл бала дүниеге келді.

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды