jasqazaq.kz

“Ағайынды төртеудің” ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеде аштық жариялады

01 қантар 2018, 12:28

Ақтөбеде мұнай ұрлығы үшін күдікке ілінген Қалдымұрат Қартжан бірнеше күннен бері ас-судан бас тартып жатыр. Сотта Ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлерінен қысым көргенін айтқан сотталушы қазір карцерде қамауда отыр.

Бұл туралы Керек.info хабарлайды.

Ақтөбеде мұнай ұрлығы үшін айыпталған “Ағайынды төртеу ” қылмыстық тобының мүшелерінен жауап алу жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында сотталушы Қайыркелді Қартжан өзін ҰҚК қызметкерлерінің ұрып-соққаны туралы айтқан. Айтуынша, чекис-тер оған қысым көрсету арқылы Еркін Ізбасарға қарсы куәлік етуге мәжбүрлепті. Ол сотта тергеуде берген түсініктемесінен бас тартқан еді. Апасы Самал Қартжанның сөзінше, осыдан кейін тергеу изоляторында отырған інісіне қысым көрсету күшейіп кеткен.

“Оны ҰҚК қызметкерлері карцерге жауып тастаған. Жатқан жерін тінтіп, төсегін шашыпты. Егер ол тергеу изоляторының тәртібін бұзып, карцерге қамалса, мұны түсінер едік. Ол кезде туыстарынан тамақ та қабылданбайды екен. Мен сенбі күні оған сәлемдеме апарған едім. Алайда ол тамақ ішпеді, содан бері ас-судан бас тартып жатыр. Ол қатты қорқып қалған. Тіпті, тамағына у қосып бере ме деп қорқады”,-дейді апасы.

Тергеу органдары Қалдымұрат Қартжанға Қылмыстық Кодекстің 6 бірдей бабы бойынша айып тағуда. Оның ішінде “суық қаруды заңсыз тасымалдау немесе алып жүру” , “билік өкіліне мойынсұнбау”,”адам ұрлау”, “ақша бопсалау”, “мұнайды заңсыз тасымалдап,сату ” және “ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу” баптары бар.

“20 желтоқсан күні сотта інімді ұстаған сәтте түсірілген видеоны қарадық. Онда інімнің қарсылық көрсеткені мүлдем түсірілмеген. Полицейлер операцияға арнайы дайындалды ғой?! Барлығын неге бейнекамераға тіркемеген? Оны мал құрлы көрмеген. Қол аяғын басып, үстінен таптаған. Ал травматикалық қаруды оған өздері лақтырған. Оны Нұрлан Дуйманов деген жігіт өзін қорғау үшін алған екен. 2015 жылы ІІМ-не тапсырыпты. Мұны қылмыстық істің құжаттарынан таптық. Інім кезінде тентектік жасаған шығар. Бірақ ешкімге жөнсіз тиіскен емес. Балалардың арасында “разборка” болған шығар. Оны қылмыс жасады деп ойламаймын. Ол Еркін Ізбасарды таниды, өйткені спортпен айналысқан. Бірақ “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобына қатысы жоқ”, -дейді Самал Қартжан.

33 жастағы жігіт өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен. Пластикалық терезе жасап, тас төсеумен айналысқан. Үйленген, екі кішкентай баласы бар. Айта кетелік, қазір Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мұнай ұрлығы үшін айыпталған 26 адамнан жауап алынып жатыр. Бұған дейін сотта прокурор оқыған айыптау актісінде “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобының белді мүшесі ретінде Қалдымұрат Қартжанның есімі аталды.

Stan.kz 

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды