jasqazaq.kz

1991 жылдан бері елге 957 мың қандасымыз оралды

10 ақпан 2016, 16:41
ФОТО: e-history.kz

1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміздегі тұрғындардың жалпы санының 5,5%-ын құрайды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6% – Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% – Қытайдан, 9,2% – Моңғолиядан, 6,8% – Түрікменстаннан, 4,6% – Ресейден және 3,6% – өзге елдерден оралған. Олардың 21,2% – Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% – Алматы облысына, 13% – Маңғыстау облысына, 9,4% – Жамбыл облысына, 40,1%-ы еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды», — деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елге оралған қандастарымыздың 55,6%-ы еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері 39,9%-ды, ал зейнеткерлер 4,5%-ды құрап отыр.

Еңбекке жарамды оралмандардың 8,8%-ның жоғарғы білімі бар, 20,6%-ында – орта арнаулы білім, 60,8% – жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 9,8%-ының мүлде білімі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Елбасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.

Заңда этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ынталандыру мақсатында:

— этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру. Оларға шетелдік азаматтарға қарағанда көші-қон полициясына хабарласу арқылы төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі;

— этникалық қазақтарға Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакет беру. Сондай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңірге қоныстанған оралманның әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндігі болады. Егер олар қоныстанған өңірден 5 жыл мерзімнен бұрын қоныс аударып кететін болса, алған көмектерін Үкіметке қайтару міндеттері қарастырылған.

— оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін 1 жылға дейін қысқарту көзделеді.

Дереккөз:BNews.kz

08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады