jasqazaq.kz

11 жасар қызын сығандарға сатып жіберген

07 қантар 2018, 14:27

Теміртауда адам саудасының құрбандарына арналған үй өз жұмысын тоқтатты. Осыған дейін жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіліп келген орталыққа биыл қаражат бөлінбеген деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Адам саудасының құрбандарына арналған үй жеті орынға шақталған. Алайда мұнда келушілер саны өте көп.

Ресейден келген Иринаны 11 жасында өз анасы сатып жіберіпті. Ол сығандардың қолында соқыр шал мен науқас балаға қараған. Алтыншы сыныпты бітірген соң «үйіндегілер» оқытпай қойыпты.

Ирина 18-ге келгенде оның көршісі қамаудан қашуға көмектеседі. Көшеде жүріп бір жігіттен бала туған. Алайда олар отбасын құрмапты.

Құлдықта болған арудың ресейлік құжатын бар. Бірақ әлі күнге дейін баласын тіркей алмай жүр.

Қамқорлық үйінің басшысы мұндай жандардың елімізде көп екенін айтады.

«Бізде отбасымен түгел құжат ала алмай жүрген жандар бар. Олардың барлығы адам саудасының құрбаны болғандар», — дейді Оксана Тарабукина.

Кризистік орталық жабылған соң директор құжатсыз қалғандарға үй жалдап, төрт айлық ақысын төлеп берген Ал одан кейін жағдайлары қалай болатыны әзірге беймәлім.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды