Әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласындағы қызды құтқару туралы видео қызу талқыға түсті. Видеоға жазылған пікірде «құтқарушы-батыр» уақытында келіп, жәбірленушіні зорламақ болған адамдардан құтқарып қалғаны айтылады. Алайда «жәбіренуші» оқиға қалай болғанын айтып берді.
Ол Instagram желісіндегі Stories арқылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Ол және жігіт екеуі арасында жанжал туған, алайда қыздың айтуынша, ешқандай зорлық әрекеті болмаған және ол жалған ақпарат таратпауды сұрады. Сондай-ақ ол көмек көрсеткен адамдарға алғысын айтты.
Оқиғаға қатысты Ақмола облысының полиция департаменті түсінік берді.
«2020 жылдың 9 қарашасында сағат 01:09-да Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Баймұқанов көшесіндегі үйлердің бірінде түнгі уақытта тыныштықты бұзылғаны және музыка қатты естіліп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 9 қараша сағат 19:00-де 18 жастағы қыз 21 жастағы танысының үйіне келіп, ішімдік ішіп, қорқор шеккенін анықтады. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туған», — дейді полиция өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Tengrinews.kz