jasqazaq.kz

Зинедин Зидан: «Реал» «Бавариямен» өтетін ойынға барын салады

25 сәуiр 2018, 16:36

«Реал» клубының бас бапкері Зинедин Зидан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Бавариямен» өтетін ойыннан не күтетінін мәлімдеді, — деп жазады Marca.

«Біз барымызды саламыз. Бізге осы деңгейдегі ойындар ұнайды, эмоцияналдық тұрғыдан жақсы дайынбыз және жақсы ойын көрсетеміз. Хамес Родригес туралы айтар болсам, оның командадан кеткенін қаламадым. Ол көбірек ойнағысы келді, мен оны түсінемін, бірақ екеуіміздің арамызда еш уақытта мәселе туындаған емес.

Биылғы маусымда соған ұқсас қосалқы футболшыларда осындай жағдайға тап болды, бұл бапкер үшін қиын жағдай. Хамес өзін көрсеткісі келеді. Мен оған қарсы деп ойлайтындар қателеседі. Родригес — тамаша ойыншы.

Қазір біз Чемпиондар лигасында жеңімпаз атануды емес, жақсы ойын көрсетуді ойластырып отырмыз.

Әр футболшы алаңға шыққанда өзінен мықты қарсыласқа тап болғысы келеді. Біз 150 пайызға дайын боламыз», — деді Зидан.

Екі командасы арасындағы ойын 25 сәуірде өтеді. 2016/2017 маусымында «Реал» екі кездесудің қорытындысы бойынша «Баварияны» 6:3 есебімен жеңген еді.

vesti.kz

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті