jasqazaq.kz

Жүріп бара жатқан пойыздың астынан баланы алып шықты (видео)

15 мамыр 2018, 17:38

Анасы қозғалып кеткен пойызға секіріп мінген кезде қолынан ұстап келе жатқан кішкентай қызы пойыздың астына түсіп кетеді
Үнділік әскери қызметкер қозғалып бара жатқан пойыздың астына түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарып қалды. Мумбаи қаласындағы вокзалда бейнебақылау камерасы орнынан қозғалып кеткен пойызға кішкентай қызын ерткен әйелдің жүгіріп келе жатқанын түсіріп алған. Анасы вагонға секіріп мінеді, ал қолынан шығып кеткен қызы пойыздың астына түсіп кетеді.

Станцияда жақын маңдағы орындықта отырған әскери адам шапшаң қимылдап, баланы пойыздың астынан алып шығады. Басылымның хабарлауынша, баланы құтқарып қалған адамның есімі — Сачин Пол. Бес жасар қыз бен оған вокзалдағы медициналық пункте көмек көрсетілген.

Баланың әкесінің айтуынша, ол әйелінің алдында келе жатып, не болғанын көрмеген. Оның сөзіне қарағанда, Мумбаиға алғаш рет келген келіншегі пойыздың тез жылдамдықпен қозғалып кететінін білмеген.  «Мен қызымды өлімнен құтқарып қалған ол адамға мәңгі қарыздар боламын», — дейді ол.

Sputnik

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен