Жүргізуші жол үстінде ұйықтап қалды

28 қантар 2023, 15:42

Елордада жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында түнгі уақытта Айтматов көшесінің бойында тура жолда тұрған KIA CARENS автокөлігі байқалды. Аталған көлік полицейлердің күдігін туғызған. Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша ер адамның орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Жүргізушіге көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар құқық бұзушы әкімшілік соттың шешімімен 20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Еске сала кетсек, жүргізушілердің көлікті жүргізу тәртібін жақсарту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында елордада полиция қызметкерлері апта сайын “Мас жүргізуші – қылмыскер!” атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбековтың айтуынша, полицейлер жыл басынан бері 139 мас жүргізушіні анықтаған, оның ішінде 9 жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Бүгін, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды