jasqazaq.kz

Жүргізуші полицеймен ерегесіп қалды (видео)

15 қантар 2018, 19:06

Алматыда көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізуші мен жол патрульдік полиция қызметкерінің арасында жанжал шықты. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы ІІД өкілдері оқиғаның 15 қаңтарда 12:30-да Жібек жолы және Қонаев көшелерінің қиылысында болғанын айтады. BMW X5 жүргізушісі, 1985 жылғы ер адам ақылы тұрақтың жанында рұқсат етілмеген жерге көлігін тұраққа қойған, сосын әкімшілік жауапкершілікке тартуға кедергі жасаған. Видеода ер адамның көлік бір қолында автокөлігінің тіркеу нөмірін ұстап ашуланғаны, полицеймен сөйлесіп, киімінен жұлқып ұстағаны түсірілген. Өз кезегінде полицей жүргізушінің күртесінен ұстаған. Полицейдің «саусақтарыңды бүкпе» дегені естіледі. Сонымен қатар, BMW жүргізушісі эвакуторға да дөрекі сөйлейді. «Рұқсат етілмеген жерде көлігін тұраққа қойғаны үшін азамат Ф. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі бойынша 3 АЕК айыппұл төлейді. Ал билік өкіліне бағынбағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан