jasqazaq.kz

Жұмысынан қуылған шенеунік өзін өртеп жіберді (видео)

17 қантар 2018, 10:01

Ресейдің Ишимбай қаласында Біртұтас Ресей партиясының мүшесі Дмитрий Рудов ГазпромНефтехимСалават компаниясынан жұмыстан қуылғаннан кейін қаланың қақ ортасында өзін өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Эхо Москвы.

Ол 15 қаңтар күні күндіз қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңға келіп, сырт киімін шешіп, үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өзін өртеп жіберген. Ол жанып жатып: «Жемқорлық! Жемқорлық!» деп айғайлаған. Оқиғаға куә болған жандар оған көмекке ұмтылып, жанып жатқан адамның денесін қармен көміп, жалынды тоқтатуға тырысқан.

Дмитрий Рудовтың денесінің 80%-ы күйген, ол ауыр халде ауруханаға жөнелтілген. Кейінірек оның қайтыс болғаны туралы хабар тараған. Бұл туралы Башкирия Тергеу комитеті басқармасы хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, осыдан бір ай бұрын Рудов Ресей Президенті Путинге хат жазып, өзін ГазпромНефтехимСалават кәсіпорнынан заңсыз жұмыстан босатқаны туралы шағымданған. Басшылар алдымен оның атқаратын лауазымына сәйкес емес деген себеппен жұмыстан шығармақшы болған, кейін ол қысқартуға түскен. Рудов сотқа шағымданып, жеңіп шыққанымен, Республиканың Жоғарғы соты ол шешімнің күшін жойған.

Путинге жазған хатында ол Біртұтас Ресей партиясының мүшесі екенін және партиядан көмек сұрағанымен, әлі жауап алмағанын атап көрсеткен. Қазіргі кезде партия мұндай өтініштің болған не болмағанын тексеру үстінде.

Сонымен қатар, Рудов өз хатында буынның ұстамалы ауруына (подагра) шалдыққанын баяндайды. Алайда, дәрігерлер оған мүгедектік бермегенін және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді ала алмайтынына шағымданған.

«Мен дәрі-дәрмексіз Сіздердің сайлауларыңызға дейін аман-есен жететін шығармын деп ойлаймын», — деп аяқталады оның Путинге жазған хаты.

Ескерту! Видеоны 18 жасқа толмаған тұлғаларға және жүйкесі әлсіз жандарға көруге ұсынылмайды!

Дереккөз: reactor

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан