Алматы облысы Өтеген батыр ауылында Алматы облысы Іле ауданы халқының әлеуметтік өмір деңгейін жақсартуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға салтанатты қол қою рәсімі өтті.
Меморандумға қол қоюшылар арасында Іле ауданының әкімі Қ.Ө. Медеуов, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы З.Б. Агибетов, “Филип Моррис Қазақстан” ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі директоры А.К. Жетпісова, «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базисі» қоғамдық бірлестігі атынан Атқарушы директор М.Н. Бекходжаева және «Прогресс» политехникалық колледжінің» директоры Ж.Т. Телпекбаева болды.
«Мен Іле ауданының мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік әріптестіктің көзі болғанын қуана хабарлаймын. Бұл әріптестік әлеуметтік бағыттағы мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Біз әрі қарай бірлесе отырып, бір-бірімізді толықтыра, өмір сүру сапасын жақсарта алатынымызға үміттімін», — деді Іле ауданының әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов.
Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы өңірдегі халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына көмек көрсету мақсатында әлеуметтік жобаларды қолдау жөніндегі уағдаластықтар бекітілген болатын. Мысалы, 2003 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «ҰОС ардагерлері мен Ленинград қ. қоршауда болған адамдарды қолдау жобасы» Жеңіс күніне орай қаржылай көмекті көрсетуге бағытталған, сондай-ақ осы жоба аясында бүкіл жыл ішінде оның барлық қатысушыларына дәрі-дәрмектерді, жеңіл арбаларды, жүріс арбаларын, есту аппараттарын сатып алу түрінде материалдық көмек көрсетілуде.
Ал, есігін алғаш рет 2007 жылы ашқан «Әлем тілдері орталығында оқу» жобасы аясында, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының балаларын, табысы төмен тұлғаларды қазақ және ағылшын тіліне үйрету жүргізілуде, сондай-ақ, оқытудан өткен жұмыссыз тұлғаларға олардың кейінгі жұмысқа орналастыруында көмек көрсетілуде.
2010 жылдан бастап «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы мен «Прогресс» политехникалық колледжі арасындағы ынтымақтастық аясында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға кәсіби-техникалық білім беруге және олардың жұмыспен қамтуды жәрдемдесуге бағытталған жоба табысты түрде іске асырылуда. Жобаның іске асыру барысында ерекше қажеттіліктері бар 200 астам адам «тігінші», «наубайшы», «массаж жасаушы», «компьютер сауаттылығы» мамандықтарынан оқытылды, сондай-ақ, саңырауқұлақтарды өсіру технологиясын, кәсіпкерлік дағдылар негіздеріне оқудан өтіп, өз бизнесін бастау және жұмысқа орналасуға қажетті құралдарды алды, және ең бастысы — қоғамға сәтті бейімделу барысын бастай ала білді.
Жергілікті кәсіпкерліктің тұрақты әрі үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ағымдағы жұмыс орындарын қолдап отыру және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру мақсаты көзделетін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы «Болашақ» ҮЕҰ-мен серіктестік негізінде «Іле ауданының бизнес идеяларды дамыту орталығы» пилотты жобасы өз жұмысын бастады. Жоба аясында, конкурс негізінде өзінің жеке ісін ашуды қалайтын 25 адам таңдалып алынады. 6 ай бойы жобаларды жазу, бизнес жоспарларды дайындау бойынша, бизнесті жүргізу негіздері, салық салу және т.б. жөніндегі оқыту шаралары өткізіледі. Оқыту мерзімі аяқталған соң, жүргізілген конкурс негізінде 3 идея іріктеліп алынады да, оларды қосалқы қаржыландыру жүзеге асырылады, сондай-ақ кәсіпорындарды мемлекеттік органдарда тіркеу және мемлекеттік бағдарламалар есебінен қосымша қаржы тарту бойынша көмек көрсетіледі. Жоба аясында басымдық негізінен әлеуметтік кәсіпкерлікке беріледі. Келешекте кәсіпкерлерге жобаға қолдау көрсету және кеңестер беру жөнінен де ықпалдастық жасалады.
«Компания ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту мен өмірдің сапасын арттыруға бағытталған кешенді бағдарламаларға баса назар аудармақ. Біздің әлеуметтік жобаларымыздың жетістікке жетуі мемлекетпен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен тығыз өзара әрекеттестік орнату мен көпжылдық ынтымақтастықтың жемісі. Компанияның 1993 жылдан бастап әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инвестицияларының жалпы көлемі 8 300 000 АҚШ долларынан асып түседі» — дейді «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Айзат Жетпісова.