jasqazaq.kz

Жұлдыз Әбдікәрімова Жоғарғы сотқа шағымданатынын айтты

17 қазан 2024, 15:18

Әнші Қайрат Нұртастың жары актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Астанадағы төрт бөлмелі пәтеріне қатысты апелляциялық сотта жеңіліп қалды. Өнер иесі сот шешімімен келіспейтінін, Жоғары сотқа шағымданатынын әлеуметтік желіге жазды.

«Соттың шешімімен келіспеймін!

Екінші сот отырысы өтті. Менің көңілім толмаған сәттер мыналар:
Біріншіден өткен отырыста сот өзі талап еткен жауап беруші тараптағы Дилара осы отырысқа қатыспады. НЕГЕ? Қарсы тарап соттың талабын орындамайтын не күшке ие?

Екіншіден сот екі тарапты толық тыңдап болғаннан кейін, ешқандай қосымша анықтаушы сұрақтар қойылмай, ақылдасу бөлмесіне үнсіз кетіп қалды. Бар болғаны 20 минутта шешім қабылданды. Бірінші болған сот шешімін өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылданыпты.

Соттың ресми шешімі жайындағы құжат келесі апта шығады. Заң бұзушылық табылмады деген үкім айтылды. Естеріңізде болса, бірінші отырыста қаралмаған, немесе назар салынбаған дәлелдер келтіргенімді айтқанмын. Бұл жолы да ол дәлелдер ескерусіз қалды.

Сот шешімімен келіспейтінімді, мұнымен іс жабылмайтынын, Жоғарғы сотқа қайта шағымданатынымды хабарлаймын!
Жүріп жатқан Азаматтық соттан бөлек, Қылмыстық іс қозғалып жатқандығы, ол жақта сот мүлде басқа сарында болатынын да естеріңізге саламын. Басты назар аударатын жай, ол МЕН ЖАЛҒЫЗ АЛДАНУШЫ ЕМЕСПІН. Он шақты алданған азаматтар болып, ұжымдық шағым түсіріп, ҚЫЛМЫСТЫҚ іс қозғалғанын қайталаймын. Әділдік орнауына бар күшімді саламын!»,-деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

JQ-Aqparat

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?