jasqazaq.kz

Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап жүргендерді әшкерелейтінін айтты

21 қантар, 14:45

Пәтер дауын шеше алмай жүрген Жұлдыз Әбдікәрімова тағы алданған көрінеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде былай деп жазды:

«Жаңа жылдың алдында бірнеше рет Диляра қоңырау соқты. Ұялымды көтермегендіктен, дыбыстық хабарлама алдым. Жолдамасында ол кешірім сұрап, эмоцияның күшімен маған қарсы пресс-конференция бергенін, барлық болып жатқан жайттарға өкінетіндігін жеткізіп, кездесу сұрады. Мен өз тарапымнан жауап бердім. Егер нақты ұсыныс болса, тыңдауға дайын екендігімді бұған дейін де жария естіртіп келгенмін. Екі тарап адвокаттарымызбен бірге кездестік. Алайда Дилярадан маған бұл жолы да мардымды ұсыныс болмады. Керісінше, мен нақты талаптарымды қайта ескерттім. Ол сол сәтте 2 күн уақыт беруімді сұрады. Осы екі күнде барлық талаптарымды орындайтынын өз аузымен айтты. Мен сұраған уақытына келісіп кеттім. Бұл қаңтардың 6-сы күні болды. Жоспар бойынша біз 8 қаңтар ішкі істер министрлігіне осы сот ісі бойынша қабылдауға жазылып қойған едік».

Жұлдыздың айтуынша, оған Полиция департаментінің қызметкерлері күндіз-түні қоңырау шалып, министрліктің қабылдауына бармауын сұраған.
Жұлдыз: «Дилярамен кездесуден кейін маған Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерінен әр жарты сағат сайын қоңырау келе бастады. Ескерте кетейін, қоңыраулар күндіз-түні болды. Ондағы талап: «Сіз ІІМ-не қабылдауыңыздан бас тартыңыз. Біз 20 қаңтарға дейін сіздің мәселеңіз бойынша оң шешім табамыз…» деп сендірді. Өз еркіммен емес, Полиция департаменті қызметкерінің талабы бойынша, мен министрліктегі қабылдаудан бас тарттым. Енді, міне, бүгінгі күнге дейін маған не Диляра, не ПД қызметкері хабарласқан жоқ. Сондықтан мен ІІМ-не қабылдауға қайта жазылдым. Сондай-ақ бұл істегі барлық әсер етуші адамдардың аты-жөндерін, Полиция департаментіндегі қызметкерлерінің тізімдерін жария ету мақсатында, үлкен ашық сұхбатқа келіскенімді жеткіземін. Дилярамен соңғы кездесуде маған айтылған пікір былай болды: сен мені түрмеге отырғызғаннан үйіңді қайтарып ала алмайсың! Ескертемін, менің мақсатым біреуді түрмеге отырғызу емес. Бар болғаны заң бойынша өзіме тиесілі үйімді қайтаруды ғана көздеймін», — деп жазды.

Еске салсақ, Жұлдыз Әбдікәрімова пәтерінен айрылып, өткен жылы сот арқылы да қайтара алмады. Ал шындығында бұл істе алаяқтық тәсіл қолданылғаны тайға таңба басқандай көрініп тұр. Жұлдыздан басқа зардап шеккендер бар.

JQ-Aqparat

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда