Желіде Мадияр есімді азаматқа әйелінің жазған хаты жарияланды. Жүкті әйелдің жазбасы жұртты жылатты. “Мадияр, саған не жазарымды, неден бастарымды білмеймін. Мен бәріне шаршадым. Саған деген көңілім қалды. Сені түзелер деп қанша күттім.
Мен саған осылай жылап жүру үшін тұрмысқа шықтым ба? Менің өмірім ойыншық па? Не ұнамады? Мен саған не ісдедім? Бар жазығым сені адам болсын деп алға сүйреп келгенім бе?”, деп басталады келіншектің жазбасы.
“Өзгелердің келіншегі бала да көтере алмай жүр, мен сенің балаңды көтеріп жүрмін емес пе? Сендей қатын табылады дейсің. Саған басқа әйел алу, үйлену оңай. Ал, балаға не болмақ? Мені балағаттап, қол көтеретіндей мен кіммін саған? Бұрын қандай едің? Қазір қандайсың? Сенсіз өмір сүре алмайды деп ойлама. Сені тастап, бәрі қол сілеп кетіп қалу маған да қиын. Бірақ бұдан кейін де сен түзеледі, адам болады дегенге сенбеймін.