jasqazaq.kz

Жұқпалы дерттің таралуына жол бергендер анықталды (видео)

07 маусым 2018, 10:12

Алматыға арнайы келген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасы жабылатынын жеткізді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.   Бактериялардың құбылуын, аурудың асқынуын, ықтимал кесел туралы тұрақты зерттеу жүргізуі тиіс Ұлттық сараптама орталығының бұл жолы қайда қарағаны белгісіз. Менингит меңдеген соң барып дабыл қақты. Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова орталыққа қарасты зертхана өткізген есептен жұқпалы дерт жағадан алуы мүмкін деген ой еш келмеген дейді.

«Осы уақытқа дейін бәрі жақсы деп есеп беріп келген. Сонда осыған дейінгі жағдайлардың бәрін жасырып келген бе?», деп таңданысын жеткізді Біртанов.

Жер-жердегі жауапты тұлғалардың жайбаcарлығы менингиттің өршуіне, елдің бас дәрігерін емдеу кешендерін аралауға мәжбүр етті. Осыған дейін тек есеп арқылы құлағдар болған министр Елжан Біртанов Алматыға арнайы келіп жағдайды өз көзімен көрді. Талғардағы аудандық ауруханаға түнделетіп аяқ астынан тексерді. Кемшілікті тізіп, кінәліге шүйлікті.

Қаскелеңдегі жағдай бұдан да сорақы болып шықты. Жұқпалы аурулар ауруханасы аузы мұрнына толғандықтан, түскен науқастарды тіптен дәлізге жатқызған. Мұны көрген денсаулық сақтау министрі Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасын жабуға және ауруханың бас дәрігері Жәнібек Ботбаевты қызметінен босату жөнінде әмір берді.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр