«Жүгенсіз, жауапсыз»: Ақбота Сейтмағамбет не себепті еркектерден көңілі қалғанын айтты

20 наурыз 2023, 13:37

Отбасын құруды өмірдің заңдылығы деп түсінетін өнер иесі өмірлік жар таңдауда екінші мәрте қателесуді қаламайды. Ол оқырманның: “Қайта тұрмыс құру ойыңызда бар ма?” деген сауалына жауап берді.

“Ойлану, ойланбау емес, жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Үйлену, жар болу, бала сүю, өсу, өну – өмірдің заңдылығы. Тағдырдың ісі тағы бар. Алланың берген ғұмырын бәріміз дұрыс сүргіміз-ақ келеді. Бірақ сабырды сынайтын, бір дүниені кемітетін кезеңдер болады. Жалғыз жүрмеу үшін жолдан кезіккен жүгенсіз, сөзі мен ісі бөлек азамат атын құр арқалап жүргендерге уақытымды, сезімімді шығындағым келмейді. Сол үшін менде асығыстық жоқ. Ер адамдардың жауапсыздығы бүкіл сезімнің түбіне жетеді. “Әйел күлсе, әлем күледі” дегенді түсінетін уақыт жетті деп ойлаймын”, – дейді актриса.

Бүгінде екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана ажырасу тақырыбын да қозғап, өзі секілді жалғызбасты қыз-келіншектерге кеңес берді.

“Ажырасудыі әр түрлі себебі бар. Бірақ жұрт бір шыбықпен айдай береді. Мұны қозғаудағы себебім, кей жағдайда некеден үміті үзіліп, жастық шағын, балаларын қараңғылықтан алып шыққысы келетін, ажырасқан әйелдерді қолдаудың орнына жерден алып, жерге салатын сөзшең қауып жетіп артылады. “Жақсы өмір сүремін” деп өз жүрегіңізді тыңдап, шешімге келдіңіз. Ары қарай мәдениеті мен білімін қатар дамыта білетін үлгілі ана болыңыз, ешқашан бір орында тоқтап қалмаңыз, әрекетке берекет. Ең бастысы, өзіңізге деген құрмет, сенім, махаббат өшпесін”, – деп ақылын айтты Ақбота.

Еске салайық, 2017 жылы актер Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ажырасып кеткен болатын. Араларында ортақ некеден бір ұл, бір қызы бар.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде