Журналистер симуляциялық орталықтың жұмысымен танысты

23 маусым 2022, 17:28

Журналистер симуляциялық орталықтың жұмысымен танысты

Бүгін қолына қалам ұстаған журналистер мамандығын ауыстырып, ауыр жағдайдағы науқастарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, өмірін ажалдан арашалап қалды.

Алғашқы медициналық көмек көрсету Шымкентте жуырда ашылған симуляциялық орталықта жүзеге асты.
Іс-шараға Шымкент қаласы және Түркістан облысының БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлының айтуынша, мұнда түрлі жағдайға арналған 100 муляж қарастырылған. Ересектерден бастап балаларға дейін, түрлі жарақаттан бастап шұғыл бала босануға дейінгі жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістері үйретіледі. Орталық мамандары шетелдерде білімін жетілдіріп, біліктілік арттырып келген.
Оталық мамандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне базалық жүрек-өкпе реанимациясы бойынша дәріс жүргізді. Дәріспен қатар білікті тренерлер базалық жүрек-өкпе реанимациясын заманауи құрылғылардың көмегімен тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйретті.

–Орталық мамандары базалық жүрек-өкпе реанимациясын әрбір адам білуі тиіс дейді. Ол көшеде адамдардың есінен танып құлап қалуы, жүректің қысылуы не болмаса балалардың ұсақ-түйек заттарды жұтып қоюы кезінде алғашқы медициналық көмек беруді біліп жүру екен. Мамандар тәжірибе жүзінде көрсетіп, біраз қажетті мәлімет алдық. Дегенмен, алғашқы медициналық көмек беру оңай жұмыс емес екен. Дәрігерлердің еңбегіне бас иемін, — деді «Әділет» қоғамдық газетінің тілшісі Роза Бекетаева.

Жуырда осы орталықтың ашылу салтанатында қала әкімі «Симуляциялық орталықтың әзірге Қазақстан бойынша баламасы жоқ. Мұндай заманауи орталықтың халық саны көп қалаларда болуы өте маңызды. Оқыс оқиға болғанда зардап шегуші алғашқы көмек көрсетуді үйрену – маңызды. Сондықтан, алғашқылардың бірі болып полиция қызметкерлері осы орталықта көмек көрсетудің жолдарын үйренеді деп жоспарлап отырмыз. Себебі, тәртіп сақшылары көбінесе жол апаты немесе басқа да шұғыл жағдайлардың басына бірінші болып жетеді. Сол кезде дәрігерлер келгенше медициналық көмек көрсетуді білгені жақсы. Бұған қоса медициналық оқу орындарының студенттері үшін де тәжірибе шыңдау орталығы бола алады»,-деген болатын.

Қазір мұнда түрлі жағдайға арналған 100 муляж қарастырылған. Ересектерден бастап балаларға дейін, түрлі жарақаттан бастап шұғыл бала босануға дейінгі жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістері үйретіледі. Орталық мамандары шетелдерде білімін жетілдіріп, біліктілік арттырып келген.

Тоқтар Жақаш

31 мамыр, 15:58
3683 Шумақ , 14732 жол. «Елім-ай» ән-дастанына 300 жыл
31 мамыр, 11:58
Ерболат Досаев: Мектептегі орын тапшылығы оңтайлы шешіледі
31 мамыр, 10:55
Манас Рамазанов: Инновациялық тәсілмен ота жасаймыз
30 мамыр, 20:01
Қазаққа қажет қағидат
30 мамыр, 19:24
АЭС: Таңдау кімге түседі?
29 мамыр, 0:06
Артықшылығы мол айналма жол
23 мамыр, 15:26
Жанат Айтпаева: Білімді көтеру – мемлекетті нығайту
23 мамыр, 14:32
Алматы: «Білім фестивалі» мамандық таңдауға жол ашты