jasqazaq.kz

Жолы жабылған тұрғындар шу шығарды

05 ақпан 2018, 11:18


Ауылға жедел жәрдем мен полиция мүлде келмейді. Ал жауапты лауазымдылар жағдайды көктемде қолға алуға уәде берді.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шымкент маңындағы теміржол арқылы кесіп өтетін аймақты екі ай бұрын жабылды. Жергілікті билік кенеттен ауылды қаламен байланыстырып тұрған жолды жауып тастады. Олар жол заңсыз орналасқандықтан, өте қауіпті деген байламға келген. Енді қала тұрғындары жұмысқа бару үшін ондаған шақырым жерді айналып өтуге мәжбүр.

Ауыл тұрғындарына дәрігердің көмегі керек болған жағдайда жедел жәрдем келе алмайды. Ал, науқасты несепке салып, қазылған жолға дейін көтеріп баруларына тура келеді, дейді ашынған тұрғындар.

Достық тұрғындарының он жылдан аса уақыт жүріп келген жаяу жүргіншілерге арналған жолдары да жабық. Себебі, бұл жол жеке фабриканың аумағында орналасқандықтан, қазір ол жолмен де өтуге тыйым салынған. Жұмыс және мектепке бару үшін ауыл тұрғындары жоталарды айналып барады.

Магистральдық желінің Шымкенттегі бөлімшесінде жолды тұрғындардың кауіпсіздігі үшін жауып тастағандарын айтты. Бірақ әкімдікте ауыл тұрғындары қатынайтын басқа жол жасалуы туралы келісім бар екен.

«Қаратау ауданының әкімдігі бір айдың ішінде топырақтан болсын жол жасап аламыз деген ұсыныс тастаған. Біз бірнеше күннен кейін жолға тексеру жұмыстарын жүргізіп, келісім бердік. Ал қала әкімдігі қазба жұмыстары жүріп жатқанын ескертіп, барлық жұмысты кейінге қалдырды. Биыл бюджетке ақша түсіретін солар», – дейді ҚТЖ магистраль желісінің Шымкенттегі бас инженері Мұрат Бейдалиев.

Айта кетейік, Шымкент қаласының билігі осы көктемде жаңа жол салуды жоспарлап отыр. Жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімінің меңгерушісі Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, жаңа жолдың ұзындығы 1,300 метр болмақ. Енді қала әкімшілігі жолды салумен кімнің айналысатынын анықтау үшін байқау ұйымдастырмақ.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады