Оралда ер адам жолдағы жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға арналған конструкцияның үстіне шығып алып би биледі. Оралда ер адам жол үстіндегі биік конструкцияның үстіне шығып алып, би биледі.
Stan.kz хабарлайды, ер адамды видеоға түсіріп алған куәгердің сөзінше, оқиға 2018 жылы 16 мамырда болған. Видеода ер адамның жолдағы жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға арналған конструкцияның үстіне шығып алып, би билеп тұрғанын көруге болады. Алайда оның биікке қалай шыққан белгісіз. Ал БҚО бойынша ТЖД баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша оларға қоңырау түспегенін айтты. Сондай-ақ жедел жәрдем де шақырылмаған.