jasqazaq.kz

Жігіттердің 8 наурызда «құтылып кету» үшін қолданатын қулықтары

08 наурыз 2018, 13:30

8 наурыз бойжеткендер үшін ерекше мейрам болса да, біраз жігіттер үшін бас ауыртар «бәле». Себебі артық шығын. Тіпті, айдың-күннің аманында өз-өздерін зорға асырап жүрген жігіттер үшін көңіл жарастырып жүрген қалыңдығына 8 наурызға сыйлық алуға ақша табу да мұң. Мұндайда бұл жігіттердің қолданатын біраз сылтау-себептері бар. Сонымен ол қандай қулықтар? Кеттік.

1.Ауылы қалаға жақын болса, қалыңдығына демалыста үйге барып көмектесем деп, ауылға кетіп қалу. Содан бірнеше күн демалыс өткенде бір-ақ оралған жігіт мерекені аузына да алмайды. Өтті, кетті. Сыйлық сұрауға қыз да батпайды.

2. 8 наурыз жақындағанда әдейі ұрысып қалу. Мереке немесе қыздың туған күні жақындағанда болмашыдан шу шығарып, болмашыға ренжіп қалып, мереке өткенше хабарсыз кетуді көп жігіт тәжірибеде жиі қолданады.

3.Өтірік жол жүріп кету. Жұмыстағы басекелер мен ағалардың ерекше өтініші бойынша көмекке кету. Сиқы, басшылар мен ағалардың көзі түскендіктен сондай өз шаруаларына қажет болып қалыпты. Қызына айтатыны «қажетіне жарап, жұмысын тындырып беруім керек». Шын мәнінде моншада ма, үйінде ме қайда жатқаны Құдайға аян.

4. Өтірік ауырып қалу. Мереке қарсаңында қалыңдығына телефон шалып, телефонның арғы жағынан мұрнын жиі тартып, ауырып қалғанын айтатындар да аз емес.

5.Көлігінің сынып қалуы немесе апатқа ұшырау. Көлігі бар жігіттердің айтатын бірден бір сылтауы «Аварияға ұшырадым, көлігімді автотұраққа қойып тастады немесе МАИ ұстап алды немесе көлігім қатты бұзылып қалып, соны неше күн жөндеумен әуре болдым. Қолым тимеді». Болды осымен, мереке де өтеді, әңгіме де тәмам.

Дереккөз: reactor

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен