jasqazaq.kz

Жігер Ауыпбаев әжесінің аяғын сүйді (видео)

29 мамыр 2018, 9:53

Кіші қажылықтан келген әжесінің аяғын сүйген Жігер Ауыпбаев көпшіліктің ықыласына бөленді. Әнші 92 жастағы әжесі мен анасының ұмра сапарынан келген сәтін Instagram парақшасындағы оқырмандарымен бөлісті.
NUR.KZ. хабарлағандай, әнші ет жақындарын қасиетті Мекке Мәдинаға жіберуді ұзақ уақыт армандағанын жасырмады.
«Менің алға қойған армандарымның бір бөлшегі әжемді, ата-анамды, бауырларымды шамамның жеткенінше қасиетті болған Мекке мен Мәдинәға Жаратқанның алдындағы қажылық парыздарын өтеп келуге жіберу еді.
Әжемді қасиетті болған мекенге жіберер кезде анам «Балам, әжеңді Меккеге жіберер болсаң, мені де бірге жібер. Менің де сауап алғым келеді» деді. Сөйтіп Алланың қалауымен үлкен сапарға барып қайтты.
Әжем мен анам сапарға кеткеннен бастап қатты алаңдадым. Себебі 92 жастағы қарт әже үшін ұзақ жолда көп нәрселер болуы әбден мүмкін еді. Алланың қалауымен жеңіл барып, жеңіл келді. Келісімен анамнан «Әжең үш мәрте, яғни өзі үшін, анасының атынан, әкесінің атынан ұмра қажылығын жасады» дегенді естіп, көзіме жас толып кетті.
92 жылдан кейін құран түскен, пайғамбарлардың табаны тиген жерге барып, құлшылығын өтеп келген аяқты сүймегенде қайтемін.»Қарты бар үйдің-қазынасы бар» дейді атам қазақ. Бұйырса 100 жасын көруді Алла нәсіп қылғай», — деген Ауыпбаев ағынан жарылды.

Қайырлы таң АДАМЗАТ! Қайырлы таң достар! Жұма мүбәрәк болсын! Адам өз өмірін алға ниет етіп,арман-мақсат қою арқылы ғана гүлдендіре алады. Менің алға қойған армандарымның бір бөлшегі әжемді,ата-анамды,бауырларымды шамамның жеткенінше қасиетті болған Мекке мен Мәдинәға Жаратқанның алдындағы қажылық парыздарын өтеп келуге жіберу еді. Әр-бір перзент өз ата-анасының,бауырларының ақыреті үшін алаңдауы керек. Әжемді қасиетті болған мекенге жіберер кезде анам: -Балам,әжеңді Меккеге жіберер болсаң мені де бірге жібер. Менің де САУАП алғым келеді-деп айтқанда қатты қуанып кеттім. Сөйтіп Алланың қалауымен үлкен сапарға барып қайтты. Видеода анам мен әжем ұмра (кіші қажылық) сапарынан келген кезі. Жалпы үлкен кісілерге мұндай ұзақ жол ауырлық келтіруі мүмкін. Бірақ Жаратқанға деген маxаббаттың бүкіл нәрсені жеңіп кетуі де сөзсіз. Әжем мен анам сапарға кеткеннен бастап қатты алаңдадым.Себебі 92 жастағы қарт әже үшін ұзақ жолда көп нәрселер болуы әбден мүмкін еді. Алланың қалауымен жеңіл барып жеңіл келді. Келісімен анамнан «әжең 3 мәрте яғни: 1-өзі үшін,2-анасының атынан,3-әкесінің атынан ұмра қажылығын жасады» дегенде көзіме жас толып кетті. Әрине мен үшін бұл баға жетпес бақыт еді. 92 жылдан кейін құран түскен,пайғамбарлардың табаны тиген жерге барып құлшылығын өтеп келген аяқты сүймегенде қайтемін?! Қарты бар үйдің-қазынасы бар-дейді атам қазақ. Әжем мамыр айының 5-күні 93 жасқа толды. Бұйырса 100 жасын көруді Алла нәсіп қылғай. Қазыналарымыз аман болсын. Жұма мүбәрәк болсын! @dostyk.travel #менің_әжем

Публикация от J I G E R A U Y P B A E V (@jiger_auypbaev_official)

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен