jasqazaq.kz

Жемқорлар жымқырған 14 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

31 қантар 2018, 16:30

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi 14 млрд теңгені мемлекетке қайтарды. Бұл жайлы агенттік төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысында басты назар жүйелі сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың анықталып, жолын кесуге бағытталды. 2017 жылы осындай 108 дерек тіркеліп, қылмыстық жауапкершілікке 320 адам тартылды. Барлығы 1 853 жемқорлық заң бұзушылықтар тіркелді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18% кем», — деді Шпекбаев кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнде.

Агенттік төрағасының айтуынша, олардың дені парақорлық – 40%, жымқыру деректері – 33% және лауазымды уәкілеттіктерін теріс пайдалану – 11%. Анықталған жемқорлық қылмыстардың көпшілігін – әкімдіктер, ішкі істер органдары мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жасаған.

«Жемқорлық білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау сияқты тәуекелдері жоғары салаларда жиі кездеседі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардан келтірілген жалпы шығын — 15,8 млрд теңге, олардың 14 млрд теңгесі немесе 88%-ы мемлекетке қайтарылды. Түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 400-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмыс ашылып, 5,3 млрд теңге көлемінде шығын келтірілді, олардың 87%-ы, яғни 4,6 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды», — деді Алик Шпекбаев.

 

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті