Жеке сот орындаушысы 1,2 млн теңге алиментті қалтасына басқан

04 қараша, 16:00

Бас прокуратура жеке сот орындаушыларының өндіріп алушыларға арналған алиментті ұрлау фактілерін жария етті.

2022 жылы прокуратура жеке сот орындаушылары өндіріп алушылардың 1,1 млрд теңге ақшасын заңсыз иеленгенін анықтады.

«Борышкерлерден ақша қаражаттары ағымдағы есепшоттарға түскеннен кейін жеке сот орындаушылары оларды қолма-қол ақшамен шешіп алып, банктік депозиттеріне аударған және пайыз алған, жұбайларына аударған, өз қалауы бойынша иелік еткен. Анықталған фактілер бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 251-бабы (жеке сот орындаушыларының өкілеттіктерін асыра пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі 16 тергеу бастады. Кейіннен залалдың толық өтелуіне байланысты қылмыстық істер тоқтатылды», — деп атап өтті ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.

Осыдан кейін Бас прокуратура Әділет министрінің атына жеке сот орындаушыларының ағымдағы есепшоттарына бақылау жүйесін енгізу ұсынысын жолдады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 9 жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданылуы тоқтатылды және 55 адам тәртіптік жазаға тартылды.

Астана прокуратурасы 2023-2024 жылдары сот орындаушыларының ақша қаражаттарын иемденуінің бірнеше фактісін анықтады. мәселен, сот орындаушысы А.Аблахан 6 ай бойы борышкерлерден алимент төлемдерін алып, оны жеке қажеттілігіне жұмсаған. Ол осы заңсыз әрекеті арқылы 34 балаға 1,2 млн теңге мөлшерінде залал келтірді. Аталған факті бойынша сотқа дейін тергеу жүргізіліп, ол шығынды толық көлемде өтеді. 2024 жылдың 5 ақпанында тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ал жеке сот орындаушысы О.Осианов алимент ретінде түскен 1 млн теңгені баласының жеке есепшотына аударып алған. Бұл ретте де сот орындаушысының шығынды толық өтеуіне және тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

«Жалпы, соңғы 2 жылда прокуратура органдарына жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты 6 973 шағым түсті. Олардың басым бөлігі сот актілерінің орындалмауына, сот орындаушыларының әрекетсіздігіне және олардың борышкерлерге шара қолданбауына қатысты болды», — деді прокуратурадан.

inform.kz

23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?