jasqazaq.kz

Жеке куәлікті жедел алудың жаңа бағасы ұсынылды

02 ақпан 2018, 17:58

«Ашық мәліметтер» порталы жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру қызметіне бағалар көрсеткішін талқылауға ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары үшін жеке куәліктерді жеделдетілген тәртіппен беру қосылған құн салығын қоса алғанда бірінші санаты үшін 1 күннің ішінде дайындау 4 мың, ал екінші санатта 3 жұмыс күнінің ішінде дайындау 2 мың теңгені құрайтын болады. Ал облыстық маңызы бар қалалар үшін бірінші санаттағы жедел құжат дайындау үшін 3 жұмыс күніне 4 мың теңге, екінші санатта 5 жұмыс күніне 2 мың теңге төлеуге тура келеді. Ал облыстарға қарасты аудандар мен қалалардың тұрғындары 1 мың теңге төлеп, 7 жұмыс күнінің ішінде жеке кәліктерін ала алады. ҚР Ішкі істер министрі бұйрығының бұл жобасын талқылау 16 ақпанға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен 2 жұмыс күнінде дайындау үшін 1989 теңге (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін) төленеді. Дәл осы сомаға 4 жұмыс күннің ішінде облыс орталықтарында жеке куәлік дайын болады.

09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады