jasqazaq.kz

Жеке банктердің құрылуына мемлекет араласпайды

09 ақпан 2018, 13:01

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жекеменшік банктерге мемлекеттік қолдау көрсетуді тоқтатын уақыт жеткенін баса айтты.

«БТА банкімен біріктірілгеннен кейін айтарлықтай проблеманы бастан кешірген жүйе құраушы банк «Қазкоммерцбанкі» сауықтырылды. Сауықтыру нәтижесінде БТА банкінің кредитін «Проблемалы несиелер қоры» сатып алды, ал «Қазкоммерцбанктің» өзінің капиталдандыру міндеттемесі стратегиялық инвесторға сатылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жалпы сомасы 4,5 трлн теңгені құрайтын халықтың депозиті, мемлекеттік және жеке компаниялардың қаражаттары сақталып қалды», — деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев отырыс барысында. Оның айтуынша, Ұлттық банк еліміздің банк жүйесінің 28 пайызын құрайтын 5 банкке қолдау көрсетіп отыр. Оларға халықтың 2 трлн теңге депозиті және квазимемлекеттік компаниялардың 2,2 трлн теңге депозиттері мен есеп-шоттары орналастырылған. Акционерлердің банкті капиталдыруға ынтымақты қатысуының сызбасы ұйымдастырылған. Аталған банктерге мемлекеттік қолдау 653 млрд теңгені құраса, олардың акционерлері 421 млн теңге сомасында капитал салуға міндеттеме алған. Сонымен қатар, ол Үкімет пен Ұлттық банк ірі банктерді капиталдандыру шаралары бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтау туралы шешім қабылдағандығын атап өтті. «Дұрыс. Біріншіден, банкпен жұмыс істегісі келген ауқатты адамдар оларды мемлекеттің еш қатысуынсыз құратындығын барлығына жария етуі керек. Одан кейін банк сәтсіздікке ұшырайды да, мемлекет оның «шалбарын» ұстап тұруы тиіс болады. Құрған екен өзі соңына дейін жауап берсін. Экономиканы кредиттеу қолдауды талап етті. Ұлттық банк жүйе құраушы банктерге бұл қолдауды көрсетті», — деді Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде.

inform.kz

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады